15 Қаңтар, 2017

Астанада «Халық сүйіктісі» сыйлығы табысталды

1488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 24 аталым бойынша «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Астанада «Халық сүйіктісі» сыйлығы табысталды

«Жыл ұстазы» аталымында Вадим Моторин атанды, «Жыл дәрігері» атағына Жақсылық Досқалиев ие болса, Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы» деп танылды. Ал «Батыл жүрек» сыйлығы Астана-Бурабай тас жолында болған көлік апатында жапа шеккендерді құтқару кезінде қаза тапқан Құмарбек Жәкетайға берілді. Ал боксшы Василий Левит «Халықтың үздік чемпионы» ретінде марапатталды.

«Алтын дәуір аталымында — Юрий Померанцев, «Жылдың үздік қоғамдық қайраткері» — Салтанат Рахимбекова, «Жыл саясаттанушысы» — Айдос Сарым, Талғат Кірбетов атындағы сыйлық — Сәби Байбосыновке берілді.

«Үздік Fashion қайраткер» — Аида Кауменова, «Жыл парламентарийі» — Нұртай Сабильянов, «Жыл меценаты» — Қажымқан Мәсімов, «Жыл бизнесі» — «Албастройдор» ЖШС, «Киноиндустрия беделдісі» — Әділ Аxметов, «Жыл эстарада әртісі» — Мейрамбек Беспаев, «Жылдың үздік тележүргізушісі» — Гүмира Дайрабаева, «Үздік ақпараттық портал» — Matrica.kz, «Жетістік пен даму» аталымында — Жанарыс Еңсепов, Дмитрий Петрухин, «Үздік блогсфера көшбасшы» — Гауxар Өтелбаева, «Жыл публицисі» — Талғат Қалиев, «Жыл фермері» — Бақдәулет Маxашов, Жомарт Омаров, «Жыл бизнесмені» — Сайран Хамзин, «Елорданың дамуына қосқан үлесі үшін» — Advart жарнама-өндірістік компания.

Сыйлық иегерлері xалықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.