– дейді көріпкел Айсұлу Жақанова
Қостанайлық көріпкел, парапсихолог, емші Айсұлу ЖАҚАНОВА ел газеті «Егемен Қазақстанның» тілші қосынына келіп, есік қағып тұрған мешін жылына болжам айтқан еді. Ерекше қасиет қонған жанның тұспалы мен тілегін елге жеткізгенді жөн көрдік.
– Айсұлу Құрмамбекқызы, әр жыл келген сайын бір кеменің үстіндегі жолаушы екенімізді бүкіл жер жүзі сезінетіндей. Жыл қалай болмақ?
– 2016 жыл бүкіл дүниежүзіне қолайлы бола қалады деп айтпаймын. Ал өз еліміз үшін айтсам, әдетте, «мың өліп, мың тірілген» халқымызда «мешін жылы – ауыр жыл» деген түсінік қалыптасқан. Тарихта «тас мешін» деген жұт жылдары да болған ғой. Қазір, әрине, уақыттың басқа екенін ескеруіміз керек. Мешіннің шымшыма мінездері болса да, еліміз үшін жылдан жақсылықтар көріп тұрмын. Қазір дағдарыс туралы көп айтылса да, ел экономикасының алға басқандығын байқайтын боламыз. Адамдарда бір серпіліс пайда болады, жұмыс орындары қысқарғанымен, ашылатын кәсіпорындар да аз болмайды. 2016 жылы талабы барлар бизнес ашқаны жөн, олар үшін қолайлы жыл. Ал бас қосамын, некеге тұрамын деген жастар, жалпы кісілер үшін аса сәтті болады деп айтпаймын.
Жалпы, еліміз үшін алдағы жылы жамандық көріп тұрған жоқпын. Тек ақпан айында Астана – Павлодар тас жолында төтенше жағдай қалыптасады, көп көлік, зардап шеккен адамдар болады. Қаңтарда жаңбыр жауады, көлік апаттары орын алады.
– Мешін жылы егін қалай болады?
– Мол, бітік егін шығады. Өткен жылы да егін жақсы шыққанымен, астықтың сапасы, қамырлылығы аса жоғары болмағаны белгілі. Келер жылы астықтың көлемі де, сапасы да диқанның ойынан шығар. Қостанай облысы алдағы үш жыл бойы мол астық жинайтынын көріп отырмын.
– Жұртшылық дағдарыс туралы айтқаныңызды білгісі келеді.
– Біздің ел үшін дағдарыс үш жылдай уақытқа созылады, бірақ үш жылдан кейін экономика, басқа салалар өте жақсы дамиды. Мен осы сауалыңызға көріпкелдікпен қатар, парапсихолог маман ретінде бір тілек айтқым келеді. Дағдарыстан адамдар қорықпауы тиіс. Жұмыстан қысқартылған жастарда, жас отбасыларда үрей болмауы тиіс. Қазақ «қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» демей ме? Уақытқа ілесу керек, еңбек бәрінен де құтқарады.
– Теңгеміздің халі нешік болар екен?
– Теңге 2017 жылы қадамын нықтай бастайды. Теңге бағамы құлдырауының барар жері 380 болады. Сосын тоқтайды. Қазақстанның өз банктері жақсы жұмыс істейді.
– Айсұлу Құрмамбекқызы, Мешін жылында табиғи апаттар орын алмай ма?
– «Алматыда зілзала болмай ма?» деп сұрағыңыз келді ме? Алматы зілзаладан аман болады. Ал жалпы табиғи апаттарға келсек, көктемде мал шығыны орын алады. Қарағанды облысы төңірегінде қарғын су тағы да жұрттың мазасын алады. Мұндай көріністі Батыс Қазақстаннан да көріп тұрмын. Ақпан биыл қатты аязымен есте қалады, ал қаңтар айында жаңбыр жауатынын айттым. Қарлы жаңбыр.
– Мал шығыны туралы айтқаныңыз киікті еске салып тұр.
– Мешін жылы киік қырылмайды. Өтіп бара жатқан жылы киіктің қырылу себебін мен шөптен көріп тұрмын. Улы шөп, оған киіктің бауыры шыдамады. Әлгі шөптің қалай аталатынын білмеймін, ол шөп табиғи шықпаған, жергілікті шөп емес, сырттан әкелінген, оны сепкен деп білемін.
Сөзімнің соңында Алла қырдағы киікті те, қорадағы малды да, оттың басын да, елімізді де аман қылсын деп тілеймін. Жер-ана жемісін берсін, Аспан нұрын төксін, Күннен жылу, Жұлдыздардан бақ-береке, Айдан амандық, тыныштық сұрайық!
Әңгімелескен
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20