Тараз қаласындағы бұрынғы «Керуен сарай» базарының орнынан «Мега» орталығы бой көтеруде. Бұл еліміздегі ең ірі орталықтың бірі болмақ.
Бес қабатты «Mега» сауда-ойын-сауық орталығы 2016 жылы пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс басында 60 жұмысшы өнімді еңбек етіп жатыр. Орталық өз жұмысын бастаған кезде бұдан да көп жандарға дәл осы жерден жұмыс табылатыны анық. Сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында әдеттегідей керек-жарақтар сатылатын супермаркет болады деп жоспарлануда. Ал, екінші қабатта әртүрлі техникалық құрал-жабдықтар дүкендері орналасады. Сондай-ақ, үшінші-төртінші қабатта шетелден әкелінген брендтік киім-кешектер саудаланса, бесінші қабатта шағын үш кинотеатр, балалардың ойын алаңшалары және де шағын кафелер болады.
Осындай ірі орталық құрылысының қолға алынуы – бұл уақыт талабы деп айтуға болады. Бұл нысанның қасынан «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығы орын тепкен. Яғни, бұл аумақтағы археологиялық саябақ, ашық аспан астындағы мұражай, Шолу мұнарасы, Достық үйі, Мыңбұлақ құрылымдары өз алдына әдемі бір кешен болып, елдің нағыз демалыс аймағына айналары сөзсіз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026