*Италияда Жаңа жыл 6 қаңтарда басталады. Бұл елде Жаңа жылды ескілердің бәрінен тазара отырып бастау керек деп есептейді. Сондықтан Жаңа жыл түнінде бүкіл ескі заттарды терезеден лақтыру дәстүрі қалыптасқан. Ырым бойынша, босаған орындарды міндетті түрде жаңа заттар иемденетін болады.
*Құттықтау ашық хаттарымен алмасу дәстүрі ең алғаш Англияда пайда болған. Алғашқы жаңажылдық ашық хат Лондонда 1843 жылы басылып шыққан екен. Британ аралдарында «Жаңа жылды енгізу» салты кең тараған. Сол үшін мұнда сағат 12-ні соққанда Ескі жылды шығарып жіберу үшін артқы есікті ашады да, сағаттың соңғы соғуымен бірге алдыңғы есікті ашып ішке Жаңа жылды кіргізеді.
*Вьетнамда Жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша 21 қаңтар мен 19 ақпан аралығында аталып өтіледі. Мерекелік дастарқанға гүл шоқтары қойылады. Бұл түні барлық ұрыс-керістер ұмыт болып, өкпелеткендерге кешірім жасалады.
*Непалда Жаңа жылды күн шыға қарсы алады. Түнде, ай толысқан кезде непалдықтар алау жағып, оған керек емес заттарын лақтырады. Келесі күні бояулар мерекесі басталады. Адамдар беттеріне, қолдарына, кеуделеріне түрлі бояулар жағып алады да, көшеге шығып ән айтып, би билейді.
*Кубалықтар Жаңа жыл қарсаңында үйдегі бүкіл ыдыстарды суға толтырады да, түн ортасында оны терезеден сыртқа төгеді. Осылайша Бостандық аралының тұрғындары Жаңа жылға су сияқты жарқын да таза жол тілейді.
*Бирмада Жаңа жыл сәуірдің 12-сі мен 17-сі аралығында басталады. Оның нақты басталар күнін Мәдениет министрлігі арнайы бұйрықпен хабарлайды, сөйтіп, мейрам үш күнге жалғасады.
*Жапон балалары Жаңа жылды жаңа киім киіп қарсы алады. Ол Жаңа жылда денсаулық пен сәттілік әкеледі деп есептеледі. Қоңыраудың 108 соққысы Жапонияға Жаңа жылдың келгенін хабарлайды. Жаңа жыл келген күні таңертеңгілік жапондар күннің шыққанын қарсы алу үшін сыртқа шығады. Күннің алғашқы шапағымен олар бір-бірін құттықтап, сыйлықтар табыстайды.
*Иранда Жаңа жылды 22 наурыздың түн жарымында қарсы алады.Бұл күні бүкіл мылтықтардан оқ атылады. Бұл елде Жаңа жылдың алғашқы күнінде үйдегі ескі қыш ыдысты сындырып, оны жаңамен алмастыру дәстүрі қалыптасқан.
* Болгарияда қонақтар, туған-туыстар Жаңа жылда мерекелік дастарқанға жиналады және бүкіл үйлерде үш минутқа жарық өшіріледі. Меймандар қараңғыда қалатын сәт жаңажылдық сүйісу минуттары деп аталады, оның құпиясын қараңғылық қана біледі.
*Грекияда қонақтар өздерімен бірге үлкен тас әкеліп, оны «Қожайынның байлығы осы тастай ауыр болсын» деген сөздермен табалдырыққа тастайды. Егер үлкен тас табылмай қалса, онда «Қожайынның көзіндегі теріскен осы тастай кішкентай болсын», дей отырып, табалдырыққа кішкентай тасты тастайды.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026