«Қазпошта» АҚ СҚОФ қарамағында жұмыс істейтін 13 аудандық пошта байланысы торабы, 88 ауылдық, 14 қалалық байланыс бөлімшелері, 17 жылжымалы топ, 27 пошта пункттері 700-ге жуық елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары жаңа технологияларды енгізудің арқасында 127 өндірістік объектілер автоматтандырылып, пошта, қаржылық, агенттік қызмет көрсету түрлері артты. 2002 жылдан бері филиалдың табысы 10 есе, орташа жалақы 5 есе молайған. Жаңа жыл қарсаңында өңірдің пошта қызметкерлері үлкен қуанышқа бөленді. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жергілікті бөлімшелерге 14 қызметтік автокөліктің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етіп, олардың халыққа қызмет көрсету саласындағы еңбектерін жоғары бағалады. Елбасының қолдауымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорларының кеңесі Трансформациялау бағдарламасын 2014 жылдан жүзеге асырып келеді. Озық жоба шеңберінде филиалда мерзімді баспасөз құралдарын автоматты желімен сұрыптау, байланыс қызметкерлерін смартфондармен жарақтандыру, буданды электронды поштаның, постаматтардың өзіндік жүйесін құру, SMS технологияларын қолдану, кедергісіз қызмет көрсетуді енгізу секілді көптеген шаралар үлкен қолдау тапты. 2015 жылғы ІV тоқсаннан бері пошта байланысы бөлімшесі арқылы теміржол билеттері сатылады. Филиалға бөлінген 5 «Нива», 5 «УАЗ», 2 «IVECO», 2 «ГАЗель» автокөліктері бірінші кезекте алыстағы Айыртау, Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын аудандық байланыс бөлімшелеріне, облыстық арнайы байланыс қызметіне, автокөлік учаскесіне табыс етілді. Пошта еліміздің әлеуметтік өмірінде ең өзекті қатынас құралы саналады. Оның тұрғындарды хат-хабармен, мерзімді баспасөзбен тұрақты түрде қамтамасыз етудегі маңызы өлшеусіз екені айтпаса да түсінікті. Ерік Хамзаұлы пошта байланысының ардагері Тілек Әбдірахмановты 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, құрмет грамотасын, Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылдық пошта бөлімшесінің басшысы Светлана Тулиноваға – Инвестициялар және даму министрлігінің «Үздік байланысшы» төсбелгісін, Есіл аудандық пошта бөлімшесінің аға инспекторы Надежда Ионоваға «Қазпошта» АҚ-тың құрмет грамотасын табыстады. Облыстық филиалдың директоры Ерік Нұрақаев пошта саласының дамуына ерекше көңіл бөліп отырған, соңғы екі жылда машина паркі 40 техника бірлігімен толыққанын жеткізді. Салтанатты шарадан кейін Е.Сұлтанов операция залындағы постаматтың жұмысымен танысты. Осындай постаматтар сауда үйлерінде де жұмыс істейді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы. Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026