Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері саяси және қоғамдық тұрақтылықтың арқасында дербес саясат жүргізіп келеді. Санаулы жылдар ішінде Қазақстан халықаралық қатынастарда зор жетістіктерге жетті. Қазақ елін, Қазақстан мемлекетін әлемдік қоғамдастық таныды. Бұл Қазақстан басшысының сындарлы саясаты мен кемел ойларының дұрыстығын көрсетіп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығына аса ауыр жылдары келді. Сол қиындықтарға қарамастан, жаңашыл басшы ретінде ол экономиканы реформалауды батыл қолға алды. Сәтті жүргізілген реформалар уақыт өте жемісін бере бастады. Елдің экономикалық жағдайы жақсарып, халықтың тіршілік-тұрмысы көтерілді. Дамыған ірі мемлекеттер Қазақстанмен әр салада ынтымақтастық орнатуға ұмтылды. Бұл Қазақ елінің экономикасына инвестиция салу көлемін еселеп арттырды. Шетелдік журналист ретінде біз осының барлығын көріп-біліп отырдық.
Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты беделді әрі ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етіп, өзекті де өткір мәселелер талқыланған саммиттерді, ірі халықаралық жиындарды табысты өткізді. Бұлар Қазақстанның әлемдегі беделін арттырып, мәртебесін өсірді. Қазақстан білім мен ғылым салаларын дамыту жолында да ірі жетістіктерге қол жеткізді. Президенттің бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылды, көптеген дарынды жастар шетелдердің беделді университеттерінде білім алды, алып та жүр.
Ел басшысының көреген саясаты мен халықты топтастыра білуінің нәтижесінде Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тең жағдайда өмір сүріп келеді. Бұл – Қазақстанның толеранттылық үлгісін көрсетеді және тәуелсіз ел, азат халық екендігін білдіреді. Қазақ елінің жасаған игі қадамдарының бірі – Қазақстанның ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартуы және ядролық қаруды таратпай, оған бақылау орнату саласында белсенді саясат жүргізуі дер едім. Осының барлығы Президенттің өз елінің жарқын болашағы үшін жасаған батыл және нақты қадамдары болып табылады.
Ерекше атап өтетін келесі бір жайт – Қазақстан Орталық Азияда өз жетістіктерімен ерекшеленіп отырған мемлекет екендігі. Жалпы, Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік басқарудың өзіндік моделін жүзеге асыру арқылы өз елін тұрақты және ашық, адами құндылықтарды ұстанатын, әлем елдерімен достық және өзара ынтымақтастық орнатқан, әлемдік саяси және экономикалық картада ерекше орын алатын іргелі ел ете білді.
Өзара түсіністігі мен келісімі жарасым тапқан мемлекеттің болашағы кемел болатынын жұртшылық жақсы біледі. Қазақ халқын, Қазақстанды біршама білетін жан ретінде мен барша қазақстандықтарды экономикалық дағдарысқа мойымай, Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетулеріне тілек қосамын.
доктор Шериф әл-БАСЕЛ,
«Әл-Фаджр» газетінің
бас редакторы.
Біріккен Араб Әмірліктері.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026