Көгілдір Көкшетау жаңа жылда да көркем ғимараттармен толыға түспек. Солардың қатарында заманауи Неке сарайының бой көтеруі ізгі үміттерге қанат бітіретіні хақ. Көптен күткен нысанның шаңырақ түрінде салынып жатқаны жақсы ниет, шайқалмайтын шаттығымыздың салтанатын асыра түсетіні де қуанышқа бөлейді.
Құрылыс қаланың көрнекті жерінде, Бұқпа тауының етегі мен Қопа көлінің жиегінде екпіндете салынып жатыр. Амандық болса, бас мердігер «Ақ сәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеті айда жұртшылықтың айрықша назарындағы жұмысты аяқтап шықпақ. Қос қабатты ғимарат Шығыс сәулет өнерінің классикалық үлгісін бүгінгі үрдіспен үндестіре қабыстыратынын айтады мамандар. Қолдағы макетке қиял жүгірте қарасаңыз, алдымен сақина, одан кейін шаңырақ болып жымдасқан болашақ ғимараттан той әуені естіліп жатқандай сезім кешетіндейсіз. Өріс кеңейтуді өмір мәні санайтын халқымыздың қуанышы көбейе бергей. Ертеңін еңселендіру қамындағы мемлекетіміз бұл орайда қаржы-қаражатын үйіп-төгіп жатқаны да ғанибет.
Міне, Ұлы Дала елі өз Тәуелсіздігінің безбендеп өлшенбейтін 25 жылдық қымбат белесіне қадам басты. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев жуырдағы Жолдауында: «Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты... Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», деп атап көрсетті.
Бұл – байламы берік баталы сөз. Ендеше, ұлы мақсат сапарының бір парасы Көкшетаудың ертең-ақ есігін ашатын Неке сарайынан да бастау алатыны ақиқат!
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026