Төрім саған төредей Жаңа жылым,
Бұйымтайды ең қымбат қала бүгін.
Айдың нұрын айшықтар, жердің жүзін,
Еселенсін, Алашым, даралығың.
Жылым Жаңа!
Жаңғырған елім дана,
Жетелейтін Ақ желкен – сенім ғана.
Аманаттап, арды ойлап, алға бастап,
Ақтаңгерін оздырды бегім дара.
Ескі жылға тағармын несіне мін,
Есем кетсе, оны да кешірермін!
Тек аман-сау болсыншы халқым менің,
Еңсең түссе тау-тастай кетілемін.
Құлдыраңдап құлын күн құрық жалға,
Аламансыз хас тұлпар булығар ма?!
Тәуелсіздік – тар жолды, тайғақ кешу,
Тәуекелсіз тартысты ұл ұғар ма?!
Жыл мүйісте тоғысқан жылғаларым,
Күн жайнатып ақ мұздақ сырғаларын.
Керуен көші бет алды ағыс өрлей,
Тағат таппай тосармын бір хабарын!
Жыл сөреде тойбастар бастаған ем,
Жаңа жылым, бөлей гөр баққа кенен.
Шарайнаңнан түсірме Қазақ елін,
Айналайын, жүзіңнен, аппақ әлем!
Әміре ӘРІН.
Алматы облысы.
Төрім саған төредей Жаңа жылым,
Бұйымтайды ең қымбат қала бүгін.
Айдың нұрын айшықтар, жердің жүзін,
Еселенсін, Алашым, даралығың.
Жылым Жаңа!
Жаңғырған елім дана,
Жетелейтін Ақ желкен – сенім ғана.
Аманаттап, арды ойлап, алға бастап,
Ақтаңгерін оздырды бегім дара.
Ескі жылға тағармын несіне мін,
Есем кетсе, оны да кешірермін!
Тек аман-сау болсыншы халқым менің,
Еңсең түссе тау-тастай кетілемін.
Құлдыраңдап құлын күн құрық жалға,
Аламансыз хас тұлпар булығар ма?!
Тәуелсіздік – тар жолды, тайғақ кешу,
Тәуекелсіз тартысты ұл ұғар ма?!
Жыл мүйісте тоғысқан жылғаларым,
Күн жайнатып ақ мұздақ сырғаларын.
Керуен көші бет алды ағыс өрлей,
Тағат таппай тосармын бір хабарын!
Жыл сөреде тойбастар бастаған ем,
Жаңа жылым, бөлей гөр баққа кенен.
Шарайнаңнан түсірме Қазақ елін,
Айналайын, жүзіңнен, аппақ әлем!
Әміре ӘРІН.
Алматы облысы.
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026