Мерекелі жылғы берекелі биігіміз осындай
Елбасымыздың Қазақстан халқын жаңа 2016 жылмен құттықтауының мәтіні әлгінде ғана қолымызға тиді. Құттықтаудың бір тұсында Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді», депті. Сол жаңа жетістіктің, жаңа биіктің бірін Жаңа жылдың алғашқы ақ таңында сіздерге қуана хабарлағалы отырмыз, қадірменді оқырман.
«Алдыңғы күні, яғни 28 желтоқсанда облыстардағы меншікті тілшілерімізден түскен мәліметтердің өзі газет таралымы қазір-ақ 200 мыңдық межені еркін еңсергенін көрсетеді. «Қазпошта» қаптың түбін қаққанда, бұған дейін есепке алынбай келген «Эврика пресс», «Номад пресс», «Ernur press», «Alash press», «Евразия пресс», «Казах пресс» сияқты серіктестіктер жан-жақтан жүргізген жазылымды қосқанда желтоқсанның соңғы күндерінде келер жылғы оқырмандар қатарына шамамен он мыңдай, кейде тіпті одан да көп сан қосылатынын тәжірибеден жақсы білеміз», деп жазған едік 30 желтоқсанда жарық көрген «Ғұмырнама ғибраттары» атты мақаламызда.
Айтқанымыз айдай келді. Міне, біздің қолымызда газет басылатын 15 баспахананың кеше кешкі сағат 17-де жолдаған ең соңғы, ең дәлденген мәліметтері тұр: бүгінгі, 2016 жылғы 1 қаңтардағы 1-ші, газет тарихындағы 28 729-шы нөмірді Астанадағы «ERNUR» 12 434 дана, Алматыдағы «Дәуір» 17 060 дана, Талдықорғандағы «Алматы-Болашақ» 3 854 дана, Қостанайдағы «Костанайполиграфия» 4 735 дана, Қарағандыдағы «Арко» 14 916 дана, Тараздағы «Сенім» 18 339 дана, Шымкенттегі «ERNUR print» 39 536 дана, Қызылордадағы «Энергопромсервис» 21 312 дана, Ақтөбедегі «А-Полиграфия» 10 853 дана, Оралдағы «WESTA» 14 515 дана, Павлодардағы «Дом печати» 12 884 дана, Өскемендегі «Рекламный Дайджест» 11 947 дана, Атыраудағы «Атырау-Ақпарат» 13 514 дана, Ақтаудағы «CASPIY PRINT» 6 862 дана, Петропавлдағы «ЕRNUR» 8 171 дана етіп басып шығарды. Сонда қорытындысында не болады дейсіз ғой? Қорытындысында ел газеті «Егемен Қазақстанның» 2016 жылғы таралымы екі жүз он мың тоғыз жүз отыз екі дана болып шыға келеді. Бұл сан өткен жылғы 203 мыңнан астам таралымнан 7 мыңның үстінде артық екенін өзіңіз де көріп отырсыз.
210 932!
Бұл санға артық түсініктеме қажет болмас. Бұл санның астарында көп жай жатыр. Ең бастысы – ел халқының ертеңгі күнге сенімінің, ел газеті тынбай, талмай насихаттайтын Елбасы саясатын қолдауының, оқырмандардың бойында отаншылдық, елдік сезімдердің серпіле түскенінің келісті көрінісі бұл. Осындай мерейлі сәтімізде біз газетке тағы да сенім артқан барша оқырмандарымызға, жазылымды ұйымдастыруға атсалысқан азаматтардың бәріне шын көңілден разылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз, Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейлі жылында да «Егемен Қазақстан» жүз жылға жуықтаған тарихындағы даңқты дәстүрлерінен айнымайтынын жеткіземіз.
Қашанда жазар жақсылығымыз, жеткізер жаңалығымыз көп болсын!
Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026