АСТАНА. 2 қаңтар. Елбасы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин және Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы экономикалық көрсеткіштермен аяқтағанын атап өтті.
«Біз Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды, тиісті құжаттар қабылданды. Президент Әкімшілігі, Үкімет, әрбір министрлік және әкімдіктер қойылған міндеттерді нақты орындауға атсалысуы қажет. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жалғастырып, менің алдымда есеп беретін болады және барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев реформалардың уақтылы және тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет. Сонымен қатар, Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мемлекет қалыптастыру міндетіне сәйкес, барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы алғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 02 Қаңтар, 2016
Елбасы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026