АСТАНА. 2 қаңтар. АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Орландо қаласына таяу маңда әлемдегі ең ірі McDonald's жылдам тамақ дайындау орны жабылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған мейрамхана танымал «Диснейленд» ойын-сауық орталығының қасында 1976 жылы ашылған. Үлкендігі бойынша жұртшылықтың арасында жақсы пікір қалыптастырған болатын. Картофельді фридің алып қорабы бейнесінде салынған мекеме ішінде тұтынушылар үшін жағдайдың бәрі жасалған. Фэст-фуд өнімдерінен бөлек боулинг орындары, мұз айдыны мен ойын автоматтары да бар.
McDonald's қызметкерлері бұл мекеменің алдағы уақытта қазіргісінен әлдеқайда кең көлемді етіп салынатынын мәлімдеп, жергілікті халықты қуандырды. Оның жалпы ауданы 1750 шаршы метрді құрайтыны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жаңа орын осы жылдың ақпан айында ашылады.
Айта кетейік, McDonald's компаниясын алғаш рет 1940 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында Сан-Бернардино қаласында ағайынды Дик және Мак Макдональдтар ашқан. 1948 жылы әлемде ең бірінші болып «жылдам тамақтану» концепциясының принциптерін ұсынған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.
• 02 Қаңтар, 2016
АҚШ-та әлемдегі ең ірі McDonald's мейрамханасы жабылды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20