АСТАНА. 3 қаңтар. Эль-Сальвадор Республикасының Сан-Мигель қаласында жаңа жыл мерекесі кезінде белгісіз біреулер 5 адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Екі тұрғын үйге баса-көктеп кірген қаруланған топ отбасы мүшелеріне бірден оқ жаудырған. Қаза тапқандардың арасында 11 жастағы бала да бар. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға болған аудан «Мара Сальватруча» деген атқа ие қарақшы топтың бақылауында. Осы себепке байланысты үй иесі мен бандалардың арасында келіспеушілік болған деген болжам жасалды.
Дүйсенбі күні тағы бір қылмыскер топтың мүшесі ел астанасы Сан-Сальвадор қаласынан 23 шақырым қашықтықта орналасқан Олокуилта муниципалитетінде жергілікті патруль қызметкерлеріне шабуыл жасады. Атыс кезінде тәртіп сақшылары қарсы топтың бес адамының көзін жойды.
Айта кетейік, Эль-Сальвадор Республикасы соңғы жылы әлемдегі зорлық-зомбылық жиі болып тұратын мемлекеттердің біріне айналды. Өткен жылы қаңтар айының басынан қараша айының соңына дейін 6044 адам қылмыскерлердің құрбаны болған. Бұл дегеніміз 2014 жылмен салыстырғанда 72,5 пайызға көп.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: ren.tv.
• 03 Қаңтар, 2016
Сальвадорда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде 5 адам қаза тапты

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20