АСТАНА. 4 қаңтар. Қазақстанның алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық мәні бар жолдар жабылды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бүгін сағат 08:00-ден бастап Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылған.
Хабарламада, Ақтөбе облысында Самара - Шымкент (615-1240 шақырымдар), Қарабұтақ - Комсомол (0-231 шақырымдар), Ақтөбе - Орск (8-135 шақырымдар), Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (92-401 шақырымдар) тас жолдары мен бірқатар автожолдар жабылды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан аумағындағы Қарағанды-Аягөз-Боғаз учаскелерінде (320-704 шақырымдар) көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Ал Оралдағы Самара – Шымкент (280-526 шақырымдар) жолы жабық. Қарағанды облысында Қызылорда - Павлодар (216-424 шақырымдар) және Алматы - Екатеринбург (489-637 шақырымдар) тас жолдары жабылды делінген. Сондай-ақ, Қостанай облысында да республикалық мәні бар автожолдардың учаскелері жабылды. Ол Қарабұтақ - Денисовка (231-386 шақырымдар) тас жолы және Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (215-232 шақырымдар), сонымен қатар, облыстарда бірқатар жолдар жабылды. Қызылорда облысында Самара - Шымкент (1240-1356 шақырымдар) тас жолында көлік қозғалысы тоқтатылды.
Айта кетейік, өзге облыстарда да республикалық және облыстық мәні бар автомобиль жолдарында барлық бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20