АСТАНА. 4 қаңтар. Үндістанның Ауғанстандағы Мазари-Шариф қаласында орналасқан консулдығына белгісіз біреулер шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Белгілі болғандай Мазари-Шариф қаласында 2 жарылыс болып, соңы жарты сағаттық атысқа ұласқан. Сондай-ақ, содырлар дипломатиялық өкілдік аумағына өтпек болған. Алайда, жергілікті полицейлер олардың ойын іске асырмай, тойтарыс беріп үлгерген. Атыс кезінде 2 экстремист оққа ұшып, қаза тапты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс салдарынан 1 бейбіт тұрғын жарақат алған. Ал аталған елшілік қызметкерлерінен ешкім зардап шекпеген.
Айта кетейік, шабуыл жасағандардың нақты саны белгісіз. Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір радикалдық ұйым өз мойнына алмай отыр. Жалпы, Мазари-Шариф – Ауғанстандағы төртінші ірі қала. Сондықтан Үндістан алдағы 2 айдың ішінде мұндағы тәліптерге қарсы күресу үшін 4 әскери тікұшақ жібермек.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда содырлар Үндістанның Пәкстанмен шекарасындағы әскери-әуе базаға шабуыл жасап, 7 сарбазды атып тастаған болатын. Тағы 20-сы жараланған. Атыс кезінде үнді жауынгерлерінің киімін киіп алған 4 лаңкестің көзі жойылған-ды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 04 Қаңтар, 2016
Ауғанстандағы Үндістан елшілігіне шабуыл жасалды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20