КӨКШЕТАУ. 5 қаңтар. Астана қаласында Ақмола облысының мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне облыстың символдық «Тарихи сандығы» табыс етілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл шара Мәдениет және спорт министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асырылды.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бурбаева бұл тағлымды іс жыл бойы атқарылған үлкен жұмыстың қуанышты қорытындысы екендігін айтады. Мерекелік жылдың маусым айында Көкшетауда халықаралық музей фестивалі өткізілді. Онда Италия, Венгрия, Ресей ғалымдарының қатысуымен «Музейлер жәдігерлеріндегі қазақ хандығының тарихы» аталатын ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Сол күні еліміздің барлық музейлері қызу қолдаған «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясы жұмысын бастады. Акция барысында, облыста жоғарыда аталған «Тарихи сандық» жабдықталып, оған қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі көптармақты фото-бейне альбом және тарихи деректерге негізделген қысқа метражды фильмдер дискілері топтастырылды.
Астана қаласы қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен өткен «Тарихи сандықтың» таныстырылымына жиналғандар Ақмола облысы музейлерінде дайындалған қысқа метражды фильмдерге айрықша қызығушылық танытты. Мұндағы белгілі тарихи тұлғаларды Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актерлері сомдаған болатын. Сондай-ақ, Абылай хан, Үмбетай жырау және Қанай би бейнелеріне арналған көріністер хан ордасы – Бурабайда, Бөгенбай батыр – Ерейментауда, Ақан сері – Көкшетау мен Айыртауда, тарихи оқиғаларды жаңғыртушы жерлес жазушы Ілияс Есенберлин өзі туған Атбасарда түсірілгені танымдық арқауды күшейте түседі. Құнды жәдігерлер қатарында Абылай хан тағы, Бөгенбайдың дулығасы, Саққұлақ бидің кілемі, Қанай бидің саптаяғы, Ақан серінің адалбақаны, Ілияс Есенберлин шығармаларының қолжазбалары, қазақ хандарының шежіресі және басқа дүниелер бар.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 05 Қаңтар, 2016
Астанадағы Тұңғыш Президент музейіне тарту жасады

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30