Ресейдің Приморье өлкесіндегі сафари-саябағында Амур есімді жолбарыс пен Тимур атты ешкінің достығы жұртты қайран қалдырып келеді. Бүгінде әрбір атқан таңын доп ойнаудан бастайтын екеуін көру үшін түкпір-түкпірден ағылған саяхатшылар саны күн санап артуда.
«Күнде таң бозымен екеуіне доп береміз. Сол сәтте олар өз беттерімен түрлі ойын ойнай жөнеледі. Бір қарасаң, регби ойынына ұқсайды, енді бірде футбол ма деп қаламыз. Амур допты алып ұзап кетеді, Тимур болса, допқа таласамын деп бірден қуа жөнеледі. Сырттай бақылап түсінгеніміз – допты кім мейлінше тезірек жарып тастаса немесе тістерімен ұзағырақ ұстап тұрса, сол жеңімпаз атанады. Сондай-ақ, екеуі арнайы қойылған торлы орындағы шыршаны тексеру үшін келеді. Бұл ағашта ешкіге арнап түрлі жеміс-жидектер мен көкөністерді дайындап қоямыз. Амур үшін бұтақтарға ет ілеміз. Ертеңінде одан да биіктеу жерге жіпке байлаймыз. Жолбарыстың барынша секіріп, азығын алып жатқанын арнайы қойылған камера арқылы түсіріп аламыз», – дейді саябақ директоры Дмитрий Мезенцев.
Оның айтуынша, мереке күндері саябаққа келгендер саны бұрынғысынан әлдеқайда артқан екен. Осының арқасында мекеме жұмыс уақытын да ұзартқан. Әрбір экскурсияға 7-8 минут кетеді.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын саябақ қызметкерлері ешкіні жолбарысқа арнап түскі ас ретінде жіберген. Алайда, күні бүгінге дейін жыртқыш аң еншілі сыбағасына тиіспей келеді. Қайта бірге серуендеп, бірге жүруі көпшілікті таңғалдыруда. Тимур, тіпті, келген күні-ақ досының жатын орнын тартып алған. Олардың бұл қылығын халыққа көрсету мақсатында саябақ қызметкерлері онлайн-трансляция үшін арнайы төрт жерден веб-камералар орнатты. YouTube сайтына шығарылған бейне-роликтерінің қаралуы миллионнан асып-жығылады.
Аян ӘБДУӘЛИ.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30