АСТАНА. 5 қаңтар. Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде біздің команда 4:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Андрей Назаровтың шәкірттері кездесуді өте ширақ бастады. Салған жерден алға ұмтылған айдын иелерін қонақтар ойын ережесін бұзу арқылы ғана тоқтата алды. Нәтижесінде 3 және 4-минуттарда «Автомобилистің» екі бірдей ойыншысы айдыннан қуылды. Алайда, «Барыс» хоккейшілері үш қорғаушымен қалған ресейліктердің осал тұсын таба алмады. Есесіне, 8-минутта қонақтар ойыншы басымдығын жүзеге асырып, Виталий Поповтың көмегімен есеп ашты. Үзіліске 6 минут қалғанда «Автомобилист» сапынан Анатолий Голышев мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді.
Екінші кезең тағы да «Барыстың» басымдығымен басталды. Бұл жолы жүйелі ойын өрнегін көрсеткен астаналықтар бір минуттың ішінде екі шайба соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Атап айтқанда, 22-минутта Кевин Даллмэн нәтижелі соққы жасаса, 23-минутта Роман Старченконың мерейі үстем болды.
Ойынның соңғы кезеңінде, яғни, 42-минутта Петр Коукал біздің қақпадан саңылау тауып, қонақтар тағы да алға шықты. Әйтсе де, сағы сынбаған барыстықтар шабуылдарын тоқтатпады. Бұл тактика өз жемісін беріп, Дастин Бойд 50-минутта есепті 3:3-ке жеткізсе, 54-минутта «Барыстың» капитаны Брэндон Боченски жеңіс шайбасының авторы атанды.
Осылайша, «Барыс» плей-офф жолдамасына таластағы басты қарсыластың бірі «Автомобилистен» үш ұпай олжалады. Бүгінде 48 ойыннан 69 ұпай жиған елордалық ұжым Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Ал 64 ұпайы бар Екатеринбургтің командасы – 9-орында. Дегенмен, оның «Барыстан» үш ойын кем өткізгенін атап өткен жөн.
Біздің жасақ келесі кездесуін 11 қаңтар күні Тольяттиде жергілікті «Ладамен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30