Қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні Солтүстік Кореяда сутегі атом бомбасы сынақтан сәтті өткізілді. КХДР-дің орталық телевидениесі таратқан бұл ақпарда Пхеньянның, сонымен бірге, елдің егемендігіне қол тигізілмесе, ядролық қаруды ешкімге қолданбайтыны жеткізілген. Солтүстік Корея билігі, сондай-ақ, мұнымен тоқталып қалмай, өзінің ядролық әлеуетін ұдайы арттыра беретінін мәлімдеген.
Бұрнағы күні түнде АҚШ, Корея және Жапония сейсмостансалары Солтүстік Кореяның Янгандо провинциясындағы Пхунгери ядролық полигоны ауданында техногендік сипаттағы өте күшті жерасты дүмпуінің орын алғанын тіркеген. Мұнда сейсмикалық дүмпу күшінің магнитудасы Рихтер бағанасы бойынша 4,2-ні құрады.
Осыған байланысты Жапония мен Корея Республикасының үкіметтері қауіпсіздік кеңестерінің шұғыл отырыстарына жиналды. Бұл екі елдің биліктері ядролық сынақтар салдарынан орын алатын жерасты сілкіністерінің 2005 жылдан басталғанын айтып отыр. Сол кезден КХДР өзін ядролық держава ретінде жариялаған болатын. Бұдан кейін бұл ел сондай сынақтарды 2006, 2009 және 2013 жылдары жасады. Соның салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-ге қарсы санкция енгізген еді.
Жапония сарапшылары кезекті ядролық сынаққа байланысты аймақтағы радиациялық фонның артып кетпегенін атап өтті.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25