07 Қаңтар, 2016

Тікұшақтармен толықты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-12-1-30Шымкент қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтарды қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Тікұшақтар «Ресей тікұшақтары» холдингіне кіретін қазақстандық тарап пен Улан-Удэ авиациялық зауыты арасында бұдан бұрын жасалған келісімшартқа сәйкес ұшып келді. Авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құ­­рамы өндіруші зауытта тео­риялық және ұшу дағды­сынан өтті. Ми-171Ш тікұшағы Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификациясының бірі болып табылады. Жо­ғ­а­ры ұшу-техникалық сипат­­­тамалары, сенімділік, Цельсия бойынша – 50-ден +50 градусқа дейінгі ауа райы жағдайы мен тем­­ператураның кең диа­­па­зонында қол­да­ну мүм­кіндігі, көп функцио­нал­­дылығы, пайдалану мен қызмет көрсетудегі қара­пайым­дылығы секілді бұл тік­ұшақтардың қасиет­тері бүкіл әлем­дегі опера­торлардың сенімінен шыға білді. Десанттық-көліктік тап­сырмаларды орындау­дан басқа, бұл тікұшақ құр­лықтағы бөлімшелерді қолд­ау, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген оқ ату нүктелері мен өзге де қозғалмалы және қозғалмайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздеу-құт­қару және барлау опера­ция­ларын жүргізу үшін арналған. Авиациялық паркті жаңа тікұшақтармен толықтыру жалпы алғанда, Әскери-әуе күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің жауынгерлік қабілет­тілігін арттыруға мүмкіндік береді. Салтанатты іс-шараға ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Ор­манбетов пен Әскери-әуе күштерінің қолбас­шысы авиа­ция генерал-майоры Дәурен Қосанов, ҚР Қарулы Күш­тері­нің ардагерлері, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ өндіруші зауыттың өкілдері қатысты. «Егемен-ақпарат».