07 Қаңтар, 2016

Өзара ынтымақтастық жалғасады

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
бердибек сапарбаев«Еуразиялық топ» ақтөбелік тауар өндірушілерді қолдайды және қазақстандық құрамның ұлғаюына ықпал ететін болады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Еура­зиялық топтың директорлар кеңесінің төрағасы Александр Маш­кевичпен және «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығымен кездесуі барысында белгілі болды. Кездесу барысында жыл қоры­тын­дылары талқыланды. Әкім ком­паниядағы жұмыс орындарының сақ­талуы, еңбекақының уақытында төленуі мен жыл қорытындысы бойын­ша он үшінші айлықтың берілуі мә­селелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ин­фля­цияға байланысты «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлеріне еңбекақыны көтеру мүмкіндіктері қарастырылды. Дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау аясында облыс әкімі мен компания басшылығы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық құрамды ұлғайту туралы келісті. Бүгінгі күні тау-кен кешені жер байлығын пайдаланушылар алған тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміндегі   жергілікті құрамның үлесі 58,5 пайызды құрайды. Өңірде металл бұйымдары, резеңке-техникалық өнімдер, электродты масса, тұз қышқылы, бетонитті-сазды ұнтақтар, тағы басқа өндірістер бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқылануда. Бердібек Сапарбаев «Каспий плюс» ЖШС (бекіту детальдарын жеткізу), «Технодом CTKZ» ЖШС (тіркеме доңғалақ техникасын жеткізу) және «Сайлан Ақтөбе» ЖШС (пигментті бояғыштар мен хромды концентраттар жеткізу) секілді жергілікті тауар өндірушілермен өнімдерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қою мүмкіндіктерін қарауды ұсынды. Компания кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе және Хромтау қалаларында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері талқыланды, сондай-ақ, 2016-2018 жылдарға шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламасын жасау қарастырылды. Облыс аумағында «Қазхром» кәсіп­орындарын дамыту перспективасы туралы және келесі жылы әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға отыру жөнінде айтылды. Барлық қарастырылған мәселелер Еуразиялық топтың құрылтайшыларының бірі және директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тарапынан қолдау тапты. Ол өз сөзінде экономикалық дағдарысқа қарамастан, 12 мың шамасында ақтөбелік жұмыс істейтін Еуразиялық топ өздерінің 2016 жыл­ғы ұжымдық келісімшартының бар­лық шарттары мен әлеуметтік міндет­теме­лерін орындайтындығын атап көрсетті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.