Жақында Астана қаласында Ақмола облысының мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне облыстың символдық «Тарихи сандығы» табыс етілді. Бұл шара Мәдениет және спорт министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асырылды.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бурбаева бұл тағылымды іс жыл бойы атқарылған үлкен жұмыстың қуанышты қорытындысы екендігін атады. Мерекелік жылдың маусым айында Көкшетауда халықаралық музей-фестивалі өткізілді. Онда Италия, Венгрия, Ресей ғалымдарының қатысуымен «Музейлер жәдігерлеріндегі қазақ хандығының тарихы» аталатын ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Сол күні еліміздің барлық музейлері қызу қолдаған «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясы жұмысын бастады. Акция барысында облыста жоғарыда аталған «Тарихи сандық» жабдықталып, оған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көп тармақты фото-бейне альбом және тарихи деректерге негізделген қысқа метражды фильмдер дискілері топтастырылды.
Астана қаласы қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен өткен «Тарихи сандықтың» таныстырылымына жиналғандар Ақмола облысы музейлерінде дайындалған қысқа метражды фильмдерге айрықша қызығушылық танытты. Мұндағы белгілі тарихи тұлғаларды Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актерлері сомдаған болатын.
Сондай-ақ, Абылай хан, Үмбетай жырау және Қанай би бейнелеріне арналған көріністер хан ордасы – Бурабайда, Бөгенбай батыр – Ерейментауда, Ақан сері – Көкшетау мен Айыртауда, тарихи оқиғаларды жаңғыртушы, жерлес жазушы Ілияс Есенберлин өзі туған Атбасарда түсірілгені танымдық арқауды күшейте түседі. Құнды жәдігерлер қатарында Абылай хан тағы, Бөгенбайдың дулығасы, Саққұлақ бидің кілемі, Қанай бидің саптаяғы, Ақан серінің адалбақаны, Ілияс Есенберлин шығармаларының қолжазбалары, қазақ хандарының шежіресі және басқа дүниелер бар.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25