Қымбатты отандастар!
Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтаймын! Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде. Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты. Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін! Талғат Райымбек. Дерек, сурет: akorda.kz.Жамбыл облысында туысын тонаған жігіт ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 18:35
Ұлытау облысының жолдарын жөндеуге екі жылда 30 млрд теңге жұмсалған
Құрылыс • Бүгін, 17:28
15 адамның 200 миллион теңгесін сыпырып алған шымкенттік әйелге қатысты сот үкімі шықты
Шымкент • Бүгін, 16:55
Аида Балаева қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Жұмыс • Бүгін, 16:21
Алматы облысында бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Алматы • Бүгін, 15:53