АСТАНА. 7 қаңтар. Қатар мемлекеті Ирандағы Сауд Арабиясының елшілігі мен консулдығына жасалған шабуылдан кейін өз елшілігін кері қайтарып алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен сенбі күні Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі 47 адамның өлім жазасына кесілгендігі жөнінде мәлімет берген. Оның ішінде шеилік бағытын ұстанған дін уағыздаушысы Нимр ән-Нимр де бар болатын. Осыған байланысты Иранда адамдар жаппай наразылық білдіріп, Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігі пен Мешхедтегі консулдығына шабуыл жасады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әділ әл-Жубейр болған оқиғаға байланысты Иран мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгені туралы мәлімдеді. Артынша Бахрейн, Судан мен Джибути елдері де осыны қайталады. Ал Біріккен Араб Әмірлігі байланысты ең төменгі деңгейге дейін азайтты. Қатар сияқты Кувейт те Тегерандағы өз елшілігін кері шақырып алды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: wikimapia.org.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше