07 Қаңтар, 2016

Жазушы Шолоховпен бірге Нобель сыйлығына таласқандар кімдер?

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-01-16-nobel_premia-1

АСТАНА. 7 қаңтар. Швед корольдігі академиясының архиві өзінің құпия сақтау ережесіне сәйкес, 1965 жылы Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша номинант болғандардың кімдер екенін жариялады. Бұл туралы Lenta.ru ақпары негізінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Академия архивінің құжаттары оларды Францияда тұратын орыс жазушысы Владимир Набоков, Чили ақыны Пабло Неруда және аргентиналық Хорхе Луис Борхес құрағанын көрсетіп берді. Бұлардың арасынан тек Пабло Неруда ғана кейін, 1971 жылы осы сыйлыққа қол жеткізе алды. Сыйлық беру жөніндегі түпкілікті шешімді шығаратын академия өзінің ережесі негізінде номинант атанғандарымен, лауреатттыққа қол жеткізе алмай қалған қаламгерлердің аты-жөндерін 50 жылға дейін құпия ұстайды. Тек осынша уақыт өткеннен кейін ғана таласқа түскен үміткерлердің толық құрамын жария етеді. Осылайша бізге 1965 жылғы кандидаттар қатарында, жоғарыда аталғандардан бөлек, британиялықтар Уистен Хью Оден, Лоренс Даррел, Лесли Поулз Хартли, Соммерсет Моэм және Алан Силлитоу тұрғаны да енді мәлім болып жатыр. Бұлардың арасынан бірде-біреуі Нобель сыйлығын ала алмады. Тек сол жылы номинант болған ирланд жазушысы, ақыны, драматургі Сэмюэл Беккет кейінірек, 1969 жылы бәрібір сыйлықтың иегері атанады. Кеңес жазушысы Михаил Шолохов аталмыш сыйлықты «Тынық Дон» трилогиясы үшін алды. Оның алдында, 1958 жылы кеңестік тағы бір қаламгер – Борис Пастернакқа осы сыйлық берілген болатын. Бірақ жазушы кеңестік идеологияның қысымы салдарынан одан ресми түрде бас тартты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Lenta.ru.