АТЫРАУ. 8 қаңтар. Жаңа жылдан бастап Атыраудың жолаушы тасымалдайтын автобустарындағы жолақы құны көтеріліп, енді қалаішілік бағыттарда жолаушылар 80 теңгеден, ал облыс орталығына іргелес орналасқан елді мекендерге қатынаушылар 90 теңгеден төлейтін болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін Атырау қаласындағы автобустарда жолаушылар 50 теңгеден жолақы төлеуші еді. Ал қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын бағыттарда жолаушылар 70 теңгесін жолақы үшін беріп келді. Енді Атырау қаласы әкімінің бірінші орынбасары Әділбек Зайдуллиннің мәлім еткеніндей, жолаушы тасымалымен айналысатын автобустардағы жолақы құны көтерілді. Осылайша, жаңа жылдан бері Атырау қаласындағы бағыттарда әр жолаушы үшін жолақы құны 30 теңгеге қымбаттап, 80 теңгені құрап отыр. Ал қала маңындағы елді мекендерге бару үшін енді жолаушылар 90 теңгеден төлейтін болды. Яғни, облыс орталығына таяу орналасқан елді мекендерге автобустармен жету құны 90 теңгеден белгіленді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше