КӨКШЕТАУ. 8 қаңтар. Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясында жергілікті полиция қызметінің бастығын тағайындау туралы мәселе қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин мен оның орынбасарлары, барлық құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, 31 депутат қатысты.
Облыстық мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин кіріспе сөзінде Қазақстан республикасының заңдық актілеріне жергілікті полиция қызметіне қатысты жекелеген өзгерістер енгізілгенін атап көрсетті.
Сессияда баяндама жасаған Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы 2015 жылы жергілікті атқарушы органдармен біргелікте, құқықтық талаптардың тиісті деңгейде қамтамасыз етілгеніне назар аударды. Жыл қорытындысы бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіп бұзушылық, сәйкесінше 22 және 16 пайызға азайған. Облыс ауыр және өте ауыр қылмыстардың ашылуы бойынша республика бойынша төртінші орынға көтерілді. Қылмыстың алдын алу, оның кез-келген көрінісіне «нөлдік төзбеушілік» жүйесі қалыптасқан.
Мәслихат хатшысы жергілікті полиция басшысы қызметіне үміткер Жанбай Жұмажанұлы Омаровты таныстырып, ол бір ауыздан аталған лауазым жетекшілігіне сайланды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин тиісті жарлыққа қол қойып, жаңа құрылымның басшысына табыс тіледі.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 08 Қаңтар, 2016
Ақмола облысында жергілікті полиция бастығы тағайындалды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше