08 Қаңтар, 2016

Ақмола облысында тәуелсіздік акциясы басталды

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? КӨКШЕТАУ. 8 қаңтар. Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» сарайында, жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында, «Тәуелсіздік Жылына 25 жыл» акциясы бастау алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға қатысқан этномәдени орталықтардың өкілдерін, депутаттарды, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларын, қалың жұртшылықты құттықтау сөзінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның ХХІІ сессиясында және Қазақстан патриоттарының форумында бастамашылдық көрсеткен акцияның маңыздылығын атап көрсетті. «Ғасырлар бойғы армана Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы біз Отанымызды көркейтудің тарихи мүмкіндігіне ие болдық», деді Нұрлан Жаңбыршыұлы. Біз осынау қысқа әрі өте жауапты 25 жылда серпінді еңбек етіп, замана көшіндегі мүлдем жаңа, қуатты мемлекетті құра білдік. Бүгінгі күні Қазақстан мемлекеттік құрылыстың сапалық жаңа кезеңіне шықты. Баршамызды жеңіске бастайтын қадамдар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институциялық реформасында түбегейлі айқындалды. Ұлт жоспарының темірқазығы –  елімізді мейлінше дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуды мақсат тұтатын «Мәңгілік Ел» идеясы. Әлемді қаузаған дағдарыстарға қарамастан ел экономикасының серпінді өсіміне бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы жалғасын тауып, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы бастау алды. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Әлемдік сауда ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан халқының тұрмысы мен Отанымыздың гүлденуінің мақсатты жолын жалғастыруда. Біздің еліміз 2015 жылы экспорттаушы жетекші 50 елдің қатарына қосылып, әлемдік сатыдағы 43-ші орынға көтерілді. Биылғы 1 қаңтардан әлеуметтік жәрдемақылар, зейнетақы мен шәкіртақы, бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы өсті. Қазіргі жағдайда мүндай кепілдікті кез-келген мемлекет қамтамасыз ете бермейтіні белгілі. Бүгінгі күні біздің баршамыз, ортақ Отанымыздың патриоты ретінде, нақты істерге жауапкершілікпен кірісуіміз керек. Тәуелсіздік мұраттарына адал болу, шырайлы шаңырағымыздың шаттығын еселеу әрбір азаматтың асыл парызы саналады. Сондай-ақ, акцияға қатысушылар алдында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық ұйымының төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Орыс қауымдастығы» және «Видергебурт» неміс қоғамдық бірлестігінің жетекшілері Александр Артеменко мен Любовь Ленева сөз алып, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұғырлы 30 шара» бастамасын көтерді. Салтанатты басқосуда бір топ белсенді азаматқа Мемлекет башысының, облыс әкімінің Алғыс хаттары мен «Қазақстан халқы Ассамблеясыныа – 20 жыл» мерекелік медальдары табыс етілі. Акция қорытындысында Тәуелсіздігіміздің 25 құрдасының «Алға, Қазақстан!» әнін шырқауы жұртшылықты тебіреніске бөледі. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????