08 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында полиция қызметінің бастығы тағайындалды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08.01.2016 TAR.jpgТАРАЗ. 8 қаңтар. Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы өкімімен Бақытжан Бейсеев Жамбыл облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бақытжан Бейсеев 1966 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын - инженер, 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін - заңгер, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл облысы ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметі бөлімінің аға инспекторы болып бастаған. 1990 – 1998 жылдары – Жамбыл облысы ішкі істер басқармасында, Мемлекеттік тергеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде әр түрлі жедел уәкіл және басшы лауазымдарында қызмет атқарған. 1998 жылдан бастап – Жамбыл облысы ІІБ 9-шы басқармасының бастығы. 1999 жылдан  – Жамбыл облысы ІІБ Т.Рысқұлов ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің бастығы, 2000 жылдан – ҚР ІІМ Академиясының басқарушылық құрылымын дайындау факультетінің тыңдаушысы. 2002 жылдан бастап ҚР ІІМ Көші-кон полициясы департаментінің азаматтарды құжаттандыру және тіркеу басқармасының бастығы. 2003 – 2012 жылдары – Ақтөбе облысы ІІБ, ІІД бастығының орынбасары, Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары. 2012 жылдан – ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД-нің қарамағында. 2015 жылдың шілдесінен бастап ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті кинологиялық қызмет басқармасының бастығы қызметін атқарған. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz