Агломерациялық аймақтағы Ақмол ауылында қайта жаңғыртылған аяқ киім фабрикасы ашылды. Салтанатқа облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, жеңіл өнеркәсіп өкілдеріне сәттілік тіледі.
«SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан басталғанымен кәсіпорынның серпіліп жұмыс істейтін шағы енді туғандай. Астана қаласында шағын ғимаратты жалдап келген олар алғашында дайын өнімді сатумен айналысты. Ал, 2010 жылы жеке цех ашуға шешім қабылданған. Әйткенмен, ұжым өз қабілетін толық көрсете алмағандай. Ақырында «SAMHAT» ЖШС Ақмол ауылына көшіп, жергілікті бизнестің өрісін кеңітуге бел байлайды.
Ұсынысты облыс және аудан басшылығы қолдады. Арнайы шешіммен 2013 жылы 1,2 гектар жер телімі мен 1200 шаршы метрлік гараж ғимараты бөлінді. Жөндеу және жабдықтау жұмыстарынан кейін кәсіпорын толық қуатында жұмыс істей бастады. Мәселен, 2015 жылдың он бір айында ғана 800 миллион теңгенің 100 мың жұп аяқ киімі игілікке жаратылды.
– Біз таза теріден тігілген аяқ киімнің 20 түрін шығарамыз, – дейді фабрика директоры Самал Тілеубаева. – «SAMHAT» ЖШС негізінен қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысын орындайды. Ақмол ауылында жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан, 2016 жылы өнім шығарудың жылдық көлемін 500 мың жұпқа жеткізу және экспорттық бағдар ұстану ниетіндеміз. Қазір кәсіпорын 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Алдағы кезде оның саны 200-ге жетеді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше