қазіргі Қытайдың негізін қалаушыға арналды
ҚХР-дың Хэнань провинциясында қазіргі заманғы Қытайдың негізін қалаушы Мао Цзедуннің биіктігі 37 метрге жететін, сырты алтынмен көмкерілген алып ескерткіші салынып бітті. Ол енді ресми ашылу салтанатын ғана күтіп тұр.
Алып монумент статуяның 3 миллион юаньға жақындайтын (460 мың долларға жуық) барлық шығынын жергілікті бизнесмендер көтеріпті. «Маңайдағы бірқатар елді мекендердің тұрғындары қаржы жинауға қатысты», деп жазады The People’s Daily.
Маоның алтынмен апталған алып тұлғасы провинцияның Тун уезіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының үстінен жоғарыдан қарап тұр. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Хэнань провинциясы Мао жүргізген саясаттың салдарынан болған аштықтың зардабын көбірек тартқан екен.
Қазір осы оқиғаға байланысты Қытай әлеуметтік желілеріндегі пікірлер екіге жарылып тұр. Олардың бірқатары ескерткіштің қойылатын жерінің неге бұл маңайдың таңдалып алынғанына қатты таңданыс білдіреді. Олар бұған жұмсалған қаржының одан да гөрі маңызды нәрсеге жаратылғанын жөн санайды. Бұған қарсы екінші жақ Маоның егістік алқаптың қақ ортасын жарып салынған ескерткіші КХР-дің бірінші төрағасына көрсетілген үлкен құрмет екенін ауызға алады. Олар мұның кешегі көсем келбетін мәңгі есте сқалдырудың лайықты тәсілі екеніне еш күмән келтірмейді.
Қытайдың қазіргі лидері Си Цзиньпинь болса, Маоның кезінде біршама қателіктер жібергенімен, ұлы тарихи тұлға болып қала беретінін айтады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше