Осы орайда Өскемен мен Семей қалаларында тұрғындардың қысқы демалысына толық жағдай жасалды деуге болады. Алтай мен Арқаның аязы табысатын Ертіс өзенінің бойындағы қос қалада мұз айдындары мен шаңғы жолдары ашылып, халыққа қызмет көрсетіп жатқанына бірнеше күн. Күнде келсе де қыс қызығына бүлдіршіндер мен балалар тояр емес.
Қазір облыс орталығында екі мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда тәулігіне 5 мыңға жуық адам келеді екен. Жарқылдаған шыршаны айнала коньки тепкен қалың қауымды тамашалаудың өзі ғажап! Комсомол аралында балаларға арналған сырғанақтар да пайда болды. Ал Семей қаласында «Цементник», «Локомотив» стадиондары мен Орталық мәдениет саябағы, «Құрылысшы» профилакториясына 4 мұз айдыны құйылды. Өскеменде Комендантка мен Үлбі өзендерінің жағалауында 2 шаңғы трассасы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы үшіншісі ашылмақ. Семейде қала тұрғындарының демалысына арналған 5 шаңғы базасы күнделікті жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, «Тисса», олимпиялық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Құрылысшы», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей мемлекеттік медицина университетінің шаңғы базалары бар. Сонымен бірге, қала аумағында 3 демалыс базасы, жалпы білім беру мектептері мен интернаттарында 35 хоккей қорабы жұмыс істеуде.
Өңірдегі барлық мұз айдындарында демалушыларға ыңғайлы болуы үшін шаңғы мен конькиді жалға беру нүктелері ашылды. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне тегін сырғанақ тебу мүмкіндігі берілді. Сырғанақтардың жанында қоғамдық тамақтану орындары қызмет көрсетеді. Ал Өскемен қаласының орталық алаңында орналасқан алып шырша әсем безендірілуімен көз тартады. Республика алаңы аумағында сейілдеушілер үшін де бірқатар жағдай жасалыпты. Балалардың атқа мініп серуендеп, бойлары тоңазыса ыстық шай ішіп жүргенін байқадық.
– Әр күнді көңілді өткізуге болады. Күні бойы компьютер алдында отырғанша, бірауық достармен сырғанақ тепкен абзал емес пе?! Әсіресе, маған ортасындағы жасыл шыршасы көз тартатын Комсомол аралындағы мұз айдыны қатты ұнады, – дейді өскемендік Санжар Тілеухан есімді 7 сынып оқушысы.
Қыс қызығынан құр қалмаңыз!
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше