09 Қаңтар, 2016

39 әйелден 94 бала сүйген...

353 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем АлемкаҮндістанның Мизораме штатын мекен ететін Циона Хана есімді мырза әлемдегі «ең жемісі мол еркек» саналады. Бұған оның бір шаңырақтың астында 39 әйел ұстап, олардан 94 бала сүйіп, 33 немере көріп отырғаны себеп. Осыншама адамды 100 бөлмеден тұратын бір үлкен үйде ұстайтын отағасының оларды асырап-бағуға да шамасы жетеді. Үлкен отбасының бір мезгілдік тамағына, басқа шығындарын айтпағанның өзінде, шамамен 220 кило күріш, 30 тауық және 132 кило картоп жұмсалады. «Арсенал» құрметіне Ланесра деген ат қойған Австралияда тұратын футбол фанаты қызына жергілікті «Арсенал» командасының құрметіне «Ланесра» деген есім беріпті. Бір қызығы, жанкүйер жігіттің әйелі қыз екіге келгенше бұл аттың тура мағынасын білмеген екен. Ол мұны әлдеқандай бір романтикалық ұғым деп ойлап келіпті. Ал Ланесра сөзін кері қарай оқыса, оның «Арсенал» болып шығатынын естігенде, шалқасынан түсе жаздапты. 08-01-16-Геймар-әкеАҚШ-та геймер-әкесінің салмағынан сәби қаза тапты Американың Флорида штатының 31 жасар тұрғыны Джеймс Дирман өзінің 6 жасар баласын видео-ойынның кесірінен өлтіріп алды. Компьютерде отырған еркек екі ұлын ұйықтауға жатқызады. Олар шулай бергесін, қабырғаға теріс қаратып қояды. Бір кезде Джеймс ұлдардың кішісінің өзіне бұрылып тұрғанын байқап, оны тағы жазаламақ болады. Сөйтіп, бетін жастыққа бергізіп, диванға жатқызып, өзі үстіне отырып алады. Соның салдарынан тұншығып қалған бала заматында өліп кетеді. 68 жастағы кейуана 950-ші сынағында жүргізуші куәлігін алды Оңтүстік Кореяда тұратын 68 жастағы Чха Са Сунн есімді кемпір 950-ші мәрте емтихан тапсырғанынан кейін ғана көлік жүргізу куәлігіне қол жеткізді. Ол осы мақсатта 2005 жылдан бері қайта-қайта сынақ тапсырумен болған. Бірақ соның бәрінде 100 балдық жүйеден тиесілі 60 балын ала алмапты. Ал соңғы жолы тура 60 балмен шектеуден асып өтіпті. 08-01-16-Ең_ кәрі шыршаЕң кәрі шыршаның өсіп тұрғанына – 9500 жыл Швеция жеріндегі ормандардың бірінде планетадағы ең көне шырша ағашының өсіп тұрғаны анықталды. Рекордшы атанып отырған ағаштың өсіп тұрғанына 9500 жыл болған. Оны 2004 жылы-ақ география профессоры Лейф Каллман тапқан екен. Содан кейін көп жыл бойы дарақтың шын жасын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізіліп келіпті. Ағаштың бір кездері Солтүстік теңіз табаны жатқан жерден өсіп шыққан болуы да мүмкін. Қытайда археологтар адамның жаңа бір түрін тапты Қытай археологтары өте ертеде қазіргі заманғы адамдар типімен қатар архаикалық «хомоның» тағы бір түрі өмір сүрген деген шешімге келіп отыр. Мұндай тұжырымды олар елдің оңтүстік-батыс аума­ғында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жамбас сүйектеріне қарап жасаған. Әңгіме бұдан 10-15 мың жыл бұрынғы тарихи кезең турасында. Мұның алдында неандерталдіктер мен денистіктер бұдан 40 мың жылға жуық уақыт бұрын тегіс жойылып кетті деп есептеліп келген. Ал мына жаңалық мұның қате екенін айғақтайды. Ол сапиенстермен бірге басқа да адамдардың бертінде де өмір сүргенін білдіреді. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.