Жақында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы Дұниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академиясы атағын иеленді. Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің Білім және мәдениетке жауапты бас көмекшісі Баясгах Эрхэмбаяр салтанатты рәсім барысында жазушыға осы атақтың берілгенін хабарлап, аталған академияның төсбелгісі мен Шыңғыс хан атындағы «Алтын жұлдыз» орденін табыстады.
Жәди Шәкенұлы – «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Ақбалапан», «Жәнібек батыр», «Арманшыл бала» еңбектерінің авторы. Жазушының «Ақбота» атты еңбегі Қытайда, ал «Ақбалапан» кітабы Түркияда жарық көріп, өзге елдердің оқырмандары тарапынан да оң бағасын алған. Оның бірқатар шығармалары оқулықтарға енсе, «Түркі-моңғол империясы және оның қазақ хандарын қалыптастыруының негізі», «Шыңғысхан әулеті және хан тұқымынан төре қою», «Шығыс Түркістан мәселелері», «Оспан батыр» сынды тарихи тақырыпта жазған ғылыми мақалалары әртүрлі басылымдарда жарияланған. Сондай-ақ, Ж.Шәкенұлының құрастыруымен 20-дан астам кітап жарық көрген.
2015 жылы «Тәуелсіздік тағылымы», «Арманшыл бала» еңбектері үшін Халықаралық кітап жәрмеңкесінде арнайы марапатқа ие болған жазушы бүгінде Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінде директор болып қызмет атқарады. Бұған дейін Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі атағы еліміз бойынша 5-6 адамға ғана берілген екен. Ал Ақмола облысы бойынша бұл мәртебені алғаш рет мектеп директоры иеленіп отыр.
Әділ АЙТҚАН.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше