АСТАНА. 11 қаңтар. АҚШ президенті Барак Обаманың отбасына тиесілі екі итті ұрлап кетемін деп қоқан-лоқы көрсеткен қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы Interfax.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
The Washington Times басылымының хабарлауынша, қылмыскер Вашингтон қаласында ұсталған. Тінту кезінде оның көлігінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған. Атап айтқанда, 22 калибрлі винтовка, 350-ден астам оқ-дәрі, полиция шоқпары және басқа да қару түрлері бар.
Құпия қызметтің мәлімдемесіне қарағанда, ұсталған қылмыскердің есімі – Скотт Д.Стокер. 49 жастағы Скотт Солтүстік Дакотаның тұрғыны екен. Жауап алу кезінде ол өзін Иисус Христос деп таныстырған. Сондай-ақ, Джон Кеннеди мен Мэрилин Монроның ұлымын деген ол АҚШ президенттігіне сайлауға үміткер ретінде қатысуды жоспарлағанын айтқан.
Айта кетейік, Обама отбасы Бо есімді бірінші иттерін осыдан жеті жыл бұрын асырап алды. Тіпті, сол иттің құрметіне «Бо, қарғыбауы бар америкалық бас қолбасшы» деген кітап та жазылды. Ал екі жыл бұрын Обамалар тағы бір итті асырап алды. Оған президент отбасы Санни деген ат қойды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Interfax.ru.
Сурет: reuters.com.
• 11 Қаңтар, 2016
АҚШ президентінің иттерін ұрламақ болған қылмыскер қолға түсті

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13