11 Қаңтар, 2016

КХДР АҚШ-қа ядролық қару қолдануы мүмкін екенін білдірді

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

06-01-16-kim_chen_yn-1

АСТАНА. 11 қаңтар. Бүгін КХДР АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға В-52 бомбардировщигін көмекке жіберуіне байланысты бұған өзінің ядролық қарумен жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мақалада АҚШ-тың бұл жақты «соғысудың соңғы шегіне» итермелеп отырғаны айтылады. Басылым осыған орай Вашингтонды «айналаға шынайы көзбен қарауға» және КХДР-мен «тарихи текетірестен сабақ алуға» шақырады. Пхеньянның тұжырымынша, бұл екі елдің арасындағы бұрынғы қақтығыстарда Құрама Штаттарға жеңілуге тура келген. Өз кезегінде Reuters Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, Вашингтон мен Сеулдің Оңтүстік Корея аумағына стратегиялық маңызы бар қаруларды орналастыру жөніндегі мәселені талқыламақ ойлары бар екенін жайып салады. «Ёнхап» агенттігінің дерегінше, Американың Оңтүстік Кореядағы қарулы күштерінің қолбасшысы Кетис Скапароттидің өз әскерлеріне КХДР тарапынан болған арандату әрекеттеріне жоғары деңгейде дайын болуға бұйрық бергенін жеткізеді. Кеше, 10 қаңтар күні Американың стратегиялық В-52 бомбардировщигі КХДР-дың сутегі бомбасын сынақтан өткізгені туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Американың стратегиялық В-52 бомбардировщигі Оңтүстік Кореяның үстінен ұшып өткені белгілі болды. Сол күні КХДР лидері Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның сутегі бомбасын АҚШ тарапынан болуы ықтимал ядролық шабуылдан қорғану мақсатында сынақтан өткізілгенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол ядролық қаруды сынақтан өткізу «егемен мемлекеттің заңды құқығы» болып табылатынын атап өтті. Қазіргі таңда АҚШ әуе-қорғаныс күштерінде ядролық қару тасымалдайтын В-52Н бомбардировщигінің 75-ке жуығы бар. Олар сондай-ақ әртүрлі типті ядролық емес қаруларды да тасымалдай алады. Ұшақтың ұшу қашықтығы 16 200 шақырымға тең болса, жауынгерлік радиусы 7 200 шақырымды қамтиды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: РИА «Новости».