АСТАНА. 11 қаңтар. Бүгін Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Тольяттиде жергілікті «Лада» командасымен сынға түсті. Тартысты өткен ойын нәтижесінде астаналықтар 4:1 есебімен басым түсіп, қатарынан бесінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесудің бар болғаны 30-секундында қонақтар есеп ашты. «Ә» дегеннен алға ұмтылған «Барыс» ойыншылары Найджел Доустың дәл соққысының арқасында алға шықты. Үзіліске дейін айдын иелері таразы басын теңестірудің амалын таба білді. Атап айтқанда, 15-минутта ойыншы басымдығын жүзеге асырған ресейліктер Дмитрий Воробьевтің көмегімен есепті 1:1-ге жеткізді.
Екінші кезең тағы да біздің команданың белсенділігімен басталды. Нәтижесінде 22-минутта Найджел Доус дубльдің авторы атанды. Соңғы кезеңнің алғашқы минутында «Барыс» ойыншылары есепті еселеді. Бұл жолы көк жолақтың бойынан қарсыластар қақпасын дәл көздеген Брэндон Боченскидің мерейі үстем болды. Арада 4 минут өткенде Доус үшінші шайбасын соғып, хет-трик жасады. Ойынның қалған уақытында есеп өзгерген жоқ.
Осы жеңісінен кейін Андрей Назаровтың шәкірттері 72 ұпаймен Шығыс конференциясындағы 7-орнын сақтап қалды. Ал 58 ұпайы бар «Лада» турнир кестесінде 12-орында тұр.
Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 13 қаңтар күні қонақта Ярославльдің «Локомотивімен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.
• 11 Қаңтар, 2016
«Барыс» қатарынан бесінші рет қарсыласынан басым түсті

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10