11 Қаңтар, 2016

«Астана» баскетбол командасы «Химкиден» ірі есеппен жеңілді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-astana 02АСТАНА. 11 қаңтар. Бүгін ВТБ Бірыңғай лигасында ел намысын қорғайтын «Астана» баскетбол командасы өз алаңында Ресейдің «Химкиін» қабылдап, 74:108 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен кездесуде қонақтардың басымдығы анық байқалды. Нәтижесінде бірінші кезеңде «Химки» 27:16 есебімен басым түсті. Ойынның екінші бөлігі де ресейліктердің пайдасына 23:17 есебімен аяқталды. Тек үшінші кезеңде ғана Рамунас Бутаутастан тәлім алатын «Астана» баскетболшылары қарсыластарын қапы қалдырып, 26:22 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, үш кезеңнен кейінгі жалпы есептегі айырмашылықты 13 ұпайға дейін (72:59) қысқарта алды. Алайда, біздің команда бұл қарқынын соңғы он минуттықта сақтап қала алмады. Қайта бұл бөлікте астаналықтар бар білгенінен жаңылып, қарсыластарына 15:36 есебімен жол берді. Бүгінде «Астана» 14 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 14-орында тұр. Елордалықтар келесі кездесуін 17 қаңтар күні өз алаңында «Нижний Новгородпен» өткізеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: bcastana.kz. 11-01-2016-astana 01