12 Қаңтар, 2016

Аргентиналық Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-01-16-messi-1

АСТАНА. 12 қаңтар. Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында өткен әлемнің 2014-2015 жылғы маусымдағы үздік көрсеткіштерін анықтауға арналған дауыс бері қорытындысында Испанияның «Барселонасы» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы арқылы Месси бесінші мәрте аталмыш атақтың иегері болды. Ол бұған дейін бұл биіктен 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары көрінген еді. Месси өзімен бірге үштікке түскен клубтасы Неймар мен «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудан біраз алда болды. Оған қатысушылардың 41,33 пайызы дауыс берді. Ал Роналдудың алған даусы – 27, 76 пайыз, Неймардікі 7,86 пайызға теңесті. Әйелдер арасында АҚШ құрамасының лидері Карли Ллойд үздік атанды. Лионель Месси 2015 жылы «Барселона» сапында Испанияның чемпионы, Чемпиондар лигасының чемпионы, Испания Кубогының иегері, УЕФА Суперкубогының иегері және әлемнің клубтық чемпионатының жеңімпазы деген атақтарға қол жеткізді. Месси сондай-ақ Испания чемпионатының ең үздік ойыншысы да болып отыр. Ал мергендер жарысында 43 голмен екінші орын алды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: euronews.