Жаңа жылдың алдында Техастағы ауруханада 83-ке қараған шағында Элизабет Лэрд деген кемпір қайтыс болды. Бүгінгі күннің өзінде Ақ үйдің сайтында әлгі кейуананы медальмен марапаттау туралы петицияға 90 мыңнан астам адам қол қойыпты. Сонда бұл америкалық әжей не бітірген десеңізші?!
Форт Худ деген әскери базаның маңында тұратын Элизабет Лэрд 2003 жылдан бері Ауғанстан мен Иракқа әскери операцияларды орындауға аттанған америкалық сарбаздары шығарып салып, қарсы алуды дағдыға айналдырыпты. Шығарып салып, қарсы алғанда кейуана сарбаздарды міндетті түрде құшағына алады екен. Он екі жылдың ішінде ол жарты миллионға жуық жауынгерді құшақтапты. Сол себепті кейуана «Құшақтағыш кәрі шешей» (the hug lady) деген атқа ие болған.
Өткен жылдың қараша айында Элизабет Лэрд өзінің сүйікті орны – жергілікті әуежайдан табылмады. Сөйтсе, кейуана ауыр науқаспен ауруханаға түскен екен. Мұны естіген әскерилер медициналық мекемеге қарай ағылады. Өлімге кетіп бара жатқандарында кәрі шешей оларды құшақтаушы еді, енді олар өлім аузында жатқан кемпірді құшақтайтын болыпты. Бұдан бөлек, әскерилер ем-домның қажетіне деп санаулы күннің ішінде 93 мың доллар жинаған. Бірақ та Рождество мерекесінің қарсаңында әлгі кемпір дүние салды. Көзі тірісінде одан сарбаздарды не үшін құшақтайсыз деп сұраған екен. «Құдай оларды далада тастамайтынын біліп жүру үшін», – деп жауап беріпті құшақтағыш кәрі шешей.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10