12 Қаңтар, 2016

Қаңтарда жауған жаңбыр-ай!

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада та­биғат тосын мінез таны­тып, жаңбыр жауды. Ар­қаның шыңылтыр аязына үйренген елордалықтар қаңтардың қақ ортасын­да жауған жауынды таң­сық құбылыс ретінде қа­былдауда. Себебі, өткен аптада ғана бас қалада күн ерекше суытып, Цельсий бағанасы бойынша – 25-30 градус аяз тіркелген болатын. Ал кеше Астанада ауа тем­пературасы күндіз +1 градус болса, кешке +3 градусқа дейін жылыды. Соның салдарынан ауа­ның ылғалдылығы 85 пайызға дейін көтерілді. Мамандар ауа райының бұ­лайша құбылуын ел аумағының басым бөлі­гінен атмосфералық көш­­­кіндердің өтуімен бай­­ланыстырып отыр. Соған орай, Астанадан бөлек, бірқатар өңірде де тұ­рақсыз ауа райы сақ­талып, көп жерде жаң­быр жауды. Ал кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болды. Жалпы, аязы аяқ-қолды қарып, бір орында тұр­­­ғыз­­­байтын Астананың қысы соңғы кездері бұ­рын­ғыдай қаһар көрсете алмай келеді. Көпшілік мұны жаһандық жылынумен байланыстырып, климаттың өзгерісіне бой үйрету ке­рек­тігін айтуда. Қалай десек те қаңтарда жауған жаңбыр қала халқын қуанта қоймады. Ернар МҰХАМБЕТ.