АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстанның басым бөлігіндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтодор» РМК хабарлады.
Еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Олар: «Екатеринбург-Алматы», Астана қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін, «Астана-Ерейментау-Шідерті», Астанадан Павлодар облысы шекарасы аралығы, «Екатеринбург-Алматы», Атбасар – Астана, «Астана-Қорғалжын», «Көкшетау-Атбасар» тасжолдары. Сондай-ақ, Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр, жел, көктайғақ) байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді:
- «Қызылорда-Павлодар» км. 433-749, Жезқазған қ. Атасу а. дейін;
- «Екатеринбург-Алматы» км. 1492-1610, Қарағанды қ. Ақсу-Аюлы а. дейін;
- «Екатеринбург-Алматы» км. 1353-1425, Ақмола облысынан Теміртау қ. дейін;
- «Қызылорда-Павлодар» км. 753-905, Атасу а. Топар а. дейін;
5.«Қызылорда-Павлодар» км. 970-1135, Қарағанды қ. Павлодар облысы шекарасына дейін;
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» км. 17-217, Қарағанды қ. Қарқаралы қ. дейін;
7.«Қалқаман-Баянаул-Керней-Ботақара» км. Павлодар облысынан Ботақара а. дейін; 8.«Екатеринбург-Алматы» км. 1612-2005, Ақсу-Аюлы а. Жамбыл облысының шекарасына дейін.
12.01 Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін «Қызылорда-Павлодар» км,
12-216, Қызылорда қ. Қарағанды облысының шекарасына дейін жол жабық.
12.01 Павлодар облысында ауа райының қоолайсыздығына байланысты Ақмола мен Қарағанды облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін көлік қозғалысы шектелді:
- «Астана-Ерейментау-Шідерты» км. 205-259, Ақмола облысы шекарасынан Шідерді а. дейін;
- «Қызылорда-Павлодар» км. 1135-1206, Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті а. дейін;
- «Қалқаман-Баянаул-Керней-Ботақара» км. 138-231, Баянауыл а. Қарағанды облысы шекарасына дейін.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: zakon.kz.