13 Қаңтар, 2016

Ұландар. «Елім» деп ұрандар

889 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_4989+Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерекесіне лайықты тартулар әзірлеу Отаныңа, туған жеріңе перзенттік сүйіспеншілігіңнің ең көркем сыйы болып табылады. Елге, жерге деген кәусар сезіміңді әнмен әуелетіп, жырмен қалық­татқанға не жетсін, шіркін! Мысалы, жақында елдік ту­ын асқақтату мақсатында «Қа­зақстан» орталық концерт залында өткен Ұлттық ұланның ән-би ансамблі мен Орталық оркестрдің «Біз – болашағы бір ұлтпыз» атты кешін сол ойымызды нақтылай түсетін тағы бір айтулы шара дер едік. Өрендердің бойындағы өнер шын жүректен өріліп, намыс жыры шырқалды. Жігерлі, қуатты, рухты музыкалық шы­ғармалар орындалды. Пат­риотизмге арналған екпіні асқақ әндер мен әуендер, му­зыкалық қойылымдар жұртқа Тәуелсіздігіміздің баян­ды­лығына лайық көңіл күй сыйлады. Марштық сипаттағы екпінді, серпінді ән-билер кейінгі жастарға нағыз тәрбие құралы ма деген ойда қалдық. Өйткені ұландар өнерінің тағы­лымы алуан нақышта өрнектелді. Ән мен бидің, жыр мен сырдың күмбірінен жүрек бүлкілі бөлек жортты. Ел, жер, Отан туралы кең пафосты, асқақ үндер арқылы атамекен айбыны асып, алабөтен күй кештірді. Еске сала кетейік, жауынгерлік тарихы еліміз егемендігін жариялағаннан кейін Ұлттық ұлан алғашында Ішкі әскер ретінде құрылған болатын. Ұланның құрылған күні де сол себепті 1992 жылдың 10 қаңтары болып есептелінеді. Дәл осы күннен бастап Ішкі әскердің жеке құрамы өзінің алдындағы барлық тапсырмаларды лайықты атқарып келеді. Тәуелсіздік тойын тамаша дәстүрде жалғастырған ұлттықұландықтардың өнер кешіне өзге этнос өкілдерінен өнер шашуын ала келген қонақ­тар бар.  «Егемен-ақпарат». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.