13 Қаңтар, 2016

Армияның жауынгерлік даярлығының негізгі бағыттары белгіленді

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-3 АСТАНА. 13 қаңтар. Биыл жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әскери қызметшілерді классикалық жауынгерлік іс-қимылдарды, яғни, таулы және елді мекендердегі қорғаныс, шабуылдау, марш және жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, жаяу жүріс марштарын жасау, оның ішінде тауларда, қыста шаңғы тебуге, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларға қатысуы сияқты Қорғаныс министр белгілеген тапсырмаларға ерекше назар аударылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы жылғы маңызды аспектілердің бірі оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіруді жалғастыру және нұсқаушылар рөлінде далалық сабақтар мен тапсырмаларды орындауға сержанттар құрамын дайындау, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштері командаларының «АрМИ-2016» Армиялық халықаралық ойындарға қатысуы, оның ішінде, Қазақстанның әскери полигонының аумағында алғаш рет өтетін «Мергендік шеп» және «Артиллериялық атыс шеберлері» атты екі сайыс болып табылады. Жалпы алғанда, осы жылы қазақстандық армия әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығындағы негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстап тұруға, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға бағытталады. 2015 оқу жылында 3 600-ден аса оқу-жаттығу, оның ішінде әртүрлі қарудан 21 000-нан аса практикалық оқ атулар өткізілгенін айта кеткен жөн. Әуе кемелеріндегі ұшып өту сағаты 16 000-нан аса сағатты, корабльді жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтау 380-нен аса сағатты және әскерлердің далалық шығуын пысықтау 680-нен аса сағатты құрады. Бұл ретте әрбір әскер түрінің алдында жеке тапсырмалар тұр. Құрлық әскерлерінде заманауи соғыс пен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін әрі қарай арттыру, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту.  Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсібилігі мен жеке даярлығын арттыру, күндіз және түнде, қарапайым және күрделі метеожағдайларда ұшу құрамының пилотаждау шеберлігін жетілдіруі, әуе ұрысын жүргізу, әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану. Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, корабльдердің қатысу жөнінде әскери басқарудың жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? 13.01.2016 AST-5