13 Қаңтар, 2016

Парламент сайлауын өткізу туралы Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-sailau 01АСТАНА. 13 қаңтар. Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге қатысты ақпараттық агенттіктерден түсіп жатқан сауалға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев жауап берді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өз жауабында Дәурен Абаев: «Депутаттардың Мәжілісті тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы жөнінде Президент, әрине, хабардар. Бұл мәселе бойынша әзірге шешім қабылданбады. Өйткені, жан-жақты сараптау қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы, алдымен қоғамның және елдегі жағдайды ескере отырып, таразылайды деп ойлаймын. Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, Елбасы Парламенттің қос палатасының спикерлерімен және Премьер-министрмен кеңес өткізеді. Осыдан кейін ғана нақты шешімді білетін боламыз», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: newskaz.ru.