13 Қаңтар, 2016

Камерундағы қақтығыстан 10 адам қаза тапты

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-KamerunАСТАНА. 13 қаңтар. Камерунның солтүстігіндегі мешіт ішінде болған жарылыстан 10 адам қаза тапты, сондай-ақ, бірнеше адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құлшылық кезінде белгісіз біреу өзін-өзі жарып жіберген. Оқиға қай ұйымның ісі екені әзірге белгісіз. Алайда, полиция қызметкерлері бұл әрекет те содырлардан құралған «Бока Харам» тобы деген болжам жасауда. Айта кетейік, «Бока Харам» Камерун, Чад, Нигерия елдерінде жиі жарылыс ұйымдастыратын қылмыскерлер ұйымы. Соңғы рет өткен жылы желтоқсан айының соңына таман Нигерияның Майдгари мен Майдугури қалаларында жасаған жарылыстан 80 адам қаза тауып, 90 тұрғын түрлі жарақат алған. Ресми ақпараттарға сүйенер болсақ, алты жылдан астам уақыт ішінде дәл осы содырлар тобының лаңкестік әрекеттерінен бас-аяғы 20 мыңнан астам адам мерт болған. Ал «Бока Харамның» базасы Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: 112.ua.