Сайлаудың мерзімін ауыстыру ОСК жұмысына қиындық тудырмайды. Мәселен, комиссияларға 2016 жылдың желтоқсанынан гөрі наурыз айында жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы.
* * *
Мерзім ауыстыру сайлауға деп бюджеттен қосымша қаржы бөлуге алып келмейді.
* * *
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу және Парламент құрамын жаңалау сыртқы саяси қатерлер туындап тұрған уақытта біздің еліміздің күн тәртібін жаңартуын қажет етеді, ал осындай кезеңде Мәжіліс маңызды рөл атқаруы тиіс.
* * *
2016-2017 жылдар – әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны күтілген уақыт. Сондықтан, Қазақстанда сайлауды тезірек өткізген жөн. Ол барлық мемлекеттік органдарға, Үкіметке және Парламентке сайлауға алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларға, институттық реформаларға бел шеше кірісуге жол ашады.
* * *
Қазір әлемді дағдарыс жайлады. Еуропа мен ТМД елдерінің экономикалары ауыр кезеңдерді бастан кешіруде. Қазақстанда Елбасының саясаты арқасында әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсу (ІЖӨ 2015 жылдың қорытындысы) және тұрақтылық сақталуда. Мерзімінен бұрын жедел сайлау өткізіп алу осы үрдісті сақтап, жүргізіліп келген саясаттың сабақтастығын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.
* * *
2016 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Бұл ел үшін аса маңызды кезең. Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи сәтінде. Ал оны жаңарған Парламентпен бастау да символикалық тұрғыда өте жақсы.
Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс толқынын күткен кезеңді күрделі әрі сын сағаттарда жұмыс істеуге қабілетті жаңа Парламентпен қарсы алу қажеттілік. Заң шығарушылардың осы ретте жағдайды тез бағамдап, бюджетке өзгерістер енгізіп, өзге де экономикалық, әлеуметтік және дағдарысқа қарсы саясатта заң қабылдауы ел үшін маңызды болмақ.