Жаздағы аптап ыстыққа қарап қыс қытымыр болатын шығар деген ой болған. Табиғаттың заңдылығы солай ғой. Дегенмен, биылғы қыс жаздың әлпетіне қарамады. Қазір Қызылордаңызда көктем сияқты. Апталап жаңбыр жауады. Соңы қарға ұласады. Бірақ аяз жоқ. Жер қатпайды. Сондықтан, Сырдарияның беті толық қатып үлгерген жоқ. Оған жаңбыр мен қар араласқаннан соң, судың көлемі де ұлғайды. Осыған орай тиісті мекемелер су тасқынының алдын алу шараларын жүргізуде. Облыс арқылы өтетін Сырдария өзеніндегі жағдайға аса мән беріп, күні-түні бақылауда.
Сырдария өзенінің Арал және Қазалы аудандарының тұсында күр (толық қатпаған мұздың түрі) пайда болды. Бұл стратегиялық нысан саналатын Сырдарияның кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Ақлақ» тоспасының су өткізу қабілетін төмендетіп, бөгетке қауіп төндіруде. Аталған бөгет тұсында 12 шақырымдай жерге дейін күр кептеліп тұр. Ол өзен суының ағуына кедергі келтіруде.
«Ақлақ» су тоспасы 3 секциядан тұрады. Соның екеуі осы күрдің салдарынан бітеліп тұр. Дәл осындай қауіп «Ақлақ» бөгетінде соңғы 8 жылдан бері орын алмаған. Тағы бір кедергі келтіріп тұрғаны «Ақлақ» су тоспасының төменгі ағысында қалқымалы көпір бар. Бұрындары жұмыс жасап, кейін судың астында қалып қойған. Бұл да суды өткізу қабілетін төмендетіп отыр.
Осы мәселеге байланысты облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің төрағалығымен жедел штаб құрылып, қауіпті сейілту бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстарға бүгінде барлық жауапты саладан 130 адам, 19 ауыр техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, күрді ыдырату үшін өзеннің сағалары тазартылып, Шардара су қоймасынан жіберілетін судың көлемі азайтылып, 9 каналға су жіберілді. Арнайы техникалардың көмегімен «Ақлақ» су тоспасындағы бөгеттер 100 метрге дейін мұздан тазартылды. Бұл жұмыстармен қатар «Қарашалаң» көліне құятын «Сағынбай» каналы ашылды. Қалқымалы көпір тұсындағы күр кептелісін жою үшін арнайы жарғыш жабдықтары бар бригада шақыртылды. Кептелген күрді Арал теңізіне жылжыту мақсатында Сырдария өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынын алдын алу шаралары облыс әкімдігінің қатаң бақылауында. Жыл сайын пайда болатын қауіпті аймақтарда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тиісті мекемелер барлық қажет құрал-жабдықтармен қамтылған. Үнемі мониторинг жүргізіліп отыратын 71 учаске бар. Барлық жауапты мекемелер қауіп төнген жағдайда шұғыл әрекет етуге дайын.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Бүгін, 20:31
Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Бүгін, 17:49
Алматыда кейбір көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың жұмысы өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Бүгін, 16:52
«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:21
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 15:30
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 14:00
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 12:48
Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 11:54
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40