19 Қаңтар, 2016

«Қазақстан әзербайжандары мәдени орталықтарының одағы» ЗТБ-ның МӘЛІМДЕМЕСІ

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан әзербайжандары мәдени орталықтарының одағы Парламент Мәжілісімен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын кезектен тыс өткізу жөніндегі депутаттардың үндеуін қолдаймыз. Бұл мәжілісмендердің салмақты да уақтылы шешімдері, жаһандық дағдарыс және айтарлықтай күрделі экономикалық жағдайлар кезеңінде шешуші шешімдер қабылдаудың маңызды екенін көрсететін жарқын мысал. Еліміз қашанда жетекші әлемдік бастамалардың көшбасында қалып келеді. Олардың бірі – жалпыхалықтық топтасқандықтың бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру. Бүгінде ҚХА өзінің 20 жылдық жасампаздық қызметін атап өтті. Мемлекетіміз таратып отырған бірлік пен келісімнің әлемдік құндылықтары қазіргі күн шындығында бір ғана дұрыс жол болып табылады. Бұл – Қазақстанның барлық этностарының қалауы, әлемнің көптеген халықтарының мақсат-мұраты. Бүгінде, кең ауқымды реформалар жүргізіліп жатқан кезеңде біз Парламенттің жаңа Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар біздің біртұтастығымыз бен бірлігімізді, тұрақтылығымызды нығайту үшін жағдайлар жасап, Қазақстан халқының игілігі жолында Болашақтың Біртұтас Ұлтын құрады және халықтың жаңа сенім мандатын толық көлемінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.