Бұрнағы күні Дүниежүзілік қар күніне орай жүздеген қала тұрғыны елордалық паркте шаңғы-роллерлік трассаға жиналды. Бұқаралық шаңғы жарысынан «World snow day» қар фестивалі Астанада төртінші мәрте өткізіліп отырғанын, сондай-ақ, осы уақыт ішінде шара қысқы маусымдағы қызықты фестивальдердің біріне айналып үлгергенін де айта кеткен абзал.
Шаңғы жарысынан өткен шараға қатысуға ересектер де, балалар да келді. Оқушылар 18 жасқа дейінгілер тобында бақ сынасса, ал, жас спортшылар қашықтықты барынша тез бағындыруға тырысып, қатарластарынан қалмау үшін қарқындарын күшейте түсті. Тіпті, фестивальге 4-6 жастағы бүлдіршіндер де атсалысқанын естеріңізге сала кетсек дейміз.
– Жыл сайын өткізілетін бұл мерекелік шаңғы жарысы жақсы дәстүрге айналды. Ересектерді былай қойғанда, әсіресе, жас балалар асыға күтетіні аңғарылады. Биылғы жарыстың ауқымы кеңейіп, Қостанай, Қарағанды қалаларының шаңғышылары қатысуға ниет білдірді. Қыс біткенше апта сайын осы маңда шаңғы жарысы өтіп тұрады. Саламатты өмір салтын берік ұстанатын елордалықтарды қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың өзі шаңғы тебуге бастап шығып жүр. Игі үрдістің қанат жаюы достығы бекем жұрттың ауызбіршілігін арттыра түсетіні анық, – дейді Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының басшысы Азамат Хамзин.
Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, қалалық Дене шынықтыру және Спорт басқармасы, «FIS» халықаралық шаңғы спорты федерациясы, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы мұрындық болған жарысқа 500-дей адам қатысып, 36 жас шаңғышы қатарластарынан озық болып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59