АТЫРАУ. 19 қаңтар. Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын 2 оқушы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісіне ие болды. Төтенше жағдайлар комитетінің арнаулы төсбелгісін оқушыларға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облыстық мәслихаттың сессиясында тапсырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылдың жазында Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округінде тұратын Бейбарыс Қайроллаұлы мен Ермахан Насиханның өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарғанын хабарлаған едік. Сол кезде бірі 13-тегі, екіншісі 12 жастағы қос өрен өз өмірлерін қатерге тігуден жасқанбай, жанұшыра көмек сұраған әйелді ажалдан аман алып қалуға ұмтылған. Енді міне, батыл балғындар қорғансыз жанды судан құтқарудағы ерлікке тән ісі үшін Төтенше жағдайлар комитетінің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30